Елімізде жыл сайын әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларға қолдау көрсету және жаңа оқу жылының басталуы қарсаңындағы мектепке дайындық кезінде әлеуметтік себептерге байланысты олардың 1 қыркүйекте мектепке бармай қалуының алдын алу мақсатында, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол» жалпы республикалық акциясы өткізіледі. Оның мәнісі, аз қамтылған отбасы балаларының оқу жылына мүлтіксіз дайындығын, барлық оқу құрал - жабдықтарының жеткілікті болуын қадағалау.
Елбасы «Бүгінгі бала – ертеңгі болашақ. Тәуелсіз жас мемлекетіміз алдындағы қыруар міндеттердің бірі – өзінің лайықты ертеңін, яғни жас жеткіншектердің болашағын қамтамасыз ету» қажеттілігі туралы атап көрсеткен. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысына мектеп оқушыларының сабаққа дайындалуы бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы тоғызыншы рет өткізілуде. Акция еліміздің барлық өңірлерінде өткізілуде.
Акция аясында жоспар құрылып, жоспарға сүйене отырып көптеген жұмыстар жүргізілуде және бастамашыл топ бекітіліп құрылды. Акция барысында шілде-қыркүйек айларында насихат жұмыстары белсенді жүргізілді.«Мектепке жол» жалпы республикалық акциясының басталуына орай арнайы бұрыш (стенд) ілінді, мектеп ықшам ауданы бойынша әр 50 көп қабатты пәтерлі үйлерге 100 үндеу қағаздары ілінді, қала дүкендеріне және мейрамханаларға 30 үндеу қағаздары таратылды. «Сенім» жәшігі мен «Сенім» телефондары арқылы шағымдар мен ескертпелер түскен жоқ.Республикалық «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы барысында қала кәсіпкерлері белсене атсалысып мектеп оқушыларына 25 қала кәсіпкерлері демеушілік жасады.
Сонымен қоса «Жаппай оқуға қамту айлығы есебінен» -әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларына мектеп –құралдары және спорттық киім, сукамен қамтыды.
Осындай ауқымды шара аясында сынып жетекшілер мен ата-аналармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып қазіргі таңда әлеуметтік көмекті қажет ететін 160 оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтары мен аяқ киімдерімен және спорттық киімдермен қамтамасыз етіліп отырмыз. «Менің таңдауым-балаларға көмек көрсету!» ұранымен жергілікті «Шарайна» газетіне мақала жарияланды және СТА жаңалықтары түсірілім жасады.
Қорыта айтққанда: «Жақсының шарапаты тиер тар жерде» демекші көптеген жүрегі жылы жандар қолдарынан келгенше көмектерін көрсетуде. Қайырымдылық шарасына көмектескен мектеп ұстаздарына, қала кәсіпкерлеріне ата-аналармен мектеп әкімшілігі атынан ризашылық білдіреміз. Акция жыл сайын өз жұмысын жалғастырады.